Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарихы
2000 жылы 14 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімінің №175-ші, шешімімен бұрынғы кәсіптік-техникалық училищенің базасынан Ә.Боранбаев атындағы №4 орта мектебі құрылды.
2000 жылы 22 қыркүйекте мектеп ресми түрде ашылып, салтанатты түрде Ә.Боранбаевтың бюсті қойылды.
Қазақстанның халық әртісі Ә.Боранбаев (1948-1999) Амангелді ауданының түлегі, талантты актер, өнер иесі Құрманғазы атындағы Қазақтың өнер институтын тәмамдаған. Ол сахнада М.Әуезовтың «Түнгі сарын» туындысындағы Сапа, «Абайдағы» Абай, «Қаракөзді» Сырым, «Дала дастанында» Ілиястың, «Қан мен терде» Еламан, «Ақ кемеде» Момын шалдың бейнелерін сомдады. Көрермендерге Қазақ, Қырғыз, Ресей кинофильмдері арқылы да кең танымал. Сол сияқты қара сөз, көркемсөз оқудың хас шебері ретінде көпшіліктің ілтипатына бөленген дарын иесі болды.
Мектеп ретінде қайта құрылған 3 жылдың ішінде:
- Интернат үйі, №2 оқу корпусы, акт залы, Ә.Боранбаевтың мемориалдық мұражайы іске қосылды. Мектеп ауласына Әнуар ескерткіші орнатылды (Мүсінші-Ә.Ұзақов)
- 3 жылдан кейін мектепте 357 оқушы білім алды. Оның 114-і интернат тәрбиеленушілері.
- Мектеп пен интернатта 60-қа жуық мұғалімдер, тәрбиешілер мен қызметкерлер еңбек етті.
- Мектеп оқушыларының терең білім алуына жеткілікті жағдай жасалынған. Олар үшін 5 алаң бастапқы әскери даярлық, спорт, оқу-тәжірибе, география және жолда жүру ережелері алаңдары жабдықталған.
- Мектебіміз екі жыл қатарының 2001-2002, 2003-2004 оқу жылдарының аудан мектептерінің рейтингтік қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
- Республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі танымдық, білім және өнер байқауларынан бірнеше оқушыларымыз жүлдегер болып оралды. Ұлағатты ұстаздар мен дарынды шәкірттеріміз-мақтанышымыз.
