Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде 2024-2025 оқу жылына арналған консультациялық пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес логопед А. Б. Жусупова мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуы жайлы ата-аналарға кеңес берді. Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата- аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету, диагностикалық көмек беру, баланы психологиялық- педагогикалық зерделеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау мақсатында консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру ол біздің басты мақсатымыз!